Хорватияда жанкүйерлер ел командасының FIFA-2018 финалына шығуын мерекеледі
Хорватия астанасы Загребте мыңдаған жанкүйер ел командасының футболдан Әлем чемпионатының финалына шығуын мерекеледі.
Бұл мемлекет кешегі матчта Англияны 2-1 есебімен жеңді. Хорватия тәуелсіздік алғалы оның футболшылары тұңғыш рет Әлем чемпионатының ақтық ойынына жолдама алып отыр. Сондықтан, Загреб тұрғындары орталық алаңда ән айтып, ұрандар тастады. Талай адам қуаныштан көздеріне жас алған.
Хорватия құрамасы финалдық матчта Франция командасымен бәстеспек. Ал, Англия үшінші орын үшін Бельгиямен ойын өткізеді.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан түркі мемлекеттеріне ортақ Цифрлық кодекс әзірлеуді ұсынды
25.10.2026, 20:00
Қосымша білім беру орталықтарының жұмысын жүйелеу қажет
25.10.2026, 20:00
Әскери реформада не өзгереді?
25.10.2026, 20:00
Жеті жылдағы жетістіктер: Президент ел дамуының негізгі көрсеткіштерін атады
25.10.2026, 20:00
«Таза Қазақстан»: Екі жылда не өзгерді?
25.10.2026, 20:00
Білім, еңбек, ізденіс: Ел дамуына үлес қосып жүрген мамандар
25.10.2026, 20:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
25.10.2026, 12:05
Республика күніне орай Астана әуежайында шетелдік қонақтарға ерекше тосынсый жасалды
24.10.2026, 16:54