Бүгін Бельгия астанасы Брюссельде Солтүстік Атлантикалық альянсқа мүше мемлекет лидерлерінің алқалы кездесуі басталады. Бұл жолғы саммиттің бір ерекшелігі - ол НАТО-ның жаңа штаб-пәтерінде өтеді. 2010 жылы салына бастаған нысан биыл қолданысқа берілген. Ал, бұған дейінгі ғимарат 1967 жылдан бастап әскери одақтың штаб-пәтері болған еді. Жиынның күн тәртібінде маңызды шешімдер қабылдана қоймауы мүмкін. Дегенмен, АҚШ президенті Дональд Трамп альянстың бірлігіне нұқсан келтіретін мәлімдеме жасауы мүмкін деген үрей де жоқ емес.
Себебі, Трамп билікке келгелі бері еуропалық одақтастарын қорғанысқа аз қаражат бөледі және осылайша Құрама Штаттар есебінен қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жүр деп кінәлап келеді. НАТО-ның өзге елдері АҚШ лидерінің сөзіне ренжігенімен, өздері де қорғанысқа бөлінетін ақша көлемін ұлғайту жағын талқылап жатыр.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.