Түркияның солтүстік-батысында пойыз рельстен тайып, 10 адам қаза тапты
Түркияның солтүстік-батысында жолаушылар пойызы жолдан шығып кетіп, 10 адам қаза тапты. 73 жолаушы зардап шеккен. Пойызда барлығы 362 адам болды. Рельстен тайған вагондардың саны - алтау. Пойыз Болгария мен Стамбулдың шекарасындағы Капикуле қаласына бағыт алған еді. Алдын ала мәліметтерге сай, апатқа ауа райының нашарлығы себеп болса керек. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, дамылсыз жауын салдарынан рельстер астындағы төсеме үймені су шайған.
Ал, «СиЭнЭн Түрік» телеарнасының ақпаратына сай, апатқа жаңбыр кезінде көпірдің құлауы себеп болуы мүмкін. Сонымен бірге, қазір қайғылы оқиға болған жерде құтқарушылар, жедел жәрдем көліктері, тікұшақтар жұмыс істеп жатыр.
Ел президенті Режеп Тайып Ердоған қаза тапқандардың тума-туыстарына көңіл айтты.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы