Польшада мыңдаған адам өткен түнде күшіне енген сот реформасына қарсы шерулетіп жатыр. Наразылық акциялары Варшава мен елдің өзге де қалаларында өтуде. Консервативті «Заң және әділет» партиясы қабылдаған жаңа реформаға сай, Польшадағы сот жүйесі толықтай үкіметтің бақылауына өтті. Конституциялық трибунал мен прокурорлар Әділет министріне тікелей бағынады. Сонымен бірге, Жоғарғы сот туралы жаңа заңға сай, судьяларды 65 жасқа толғанда зейнетке шығару туралы шешім қабылданды. Бұған осы органның қазіргі төрағасы Малгожата Герсдорф қарсы. Еуропалық Одақ Польшаның сот реформасы елдегі судьялардың тәуелсіздігіне нұқсан келтіреді деп мәлімдеді. Бұл мәселе бойынша Варшава жақында Еуропалық сот алдында жауап беруі мүмкін.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.