Грекияның Магула қалашығын батпақ басты
Грекияның Магула қалашығында төтенше жағдай. Ел астанасы Афинадан 24 шақырым қашықтықтағы қалада дамылсыз жауған нөсер салдарынан көшелерді балшық басты. Лай су үйлердің ішіне де кірген. Тұрғындар тобықтан асатын балшықпен қалай күресерге білмей дал. Олар мұндай жайсыздықты бірінші рет бастан кешіп отырғандарын айтады. Дүние мүлікке де зақым келген. Жолдардың балшыққа айналуынан Афинаға апаратын бірнеше бағыт жабылды. Табиғи апатпен күреске 100-ден астам маман мен 64 көлік тартылған.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан түркі мемлекеттеріне ортақ Цифрлық кодекс әзірлеуді ұсынды
25.10.2026, 20:00
Қосымша білім беру орталықтарының жұмысын жүйелеу қажет
25.10.2026, 20:00
Әскери реформада не өзгереді?
25.10.2026, 20:00
Жеті жылдағы жетістіктер: Президент ел дамуының негізгі көрсеткіштерін атады
25.10.2026, 20:00
«Таза Қазақстан»: Екі жылда не өзгерді?
25.10.2026, 20:00
Білім, еңбек, ізденіс: Ел дамуына үлес қосып жүрген мамандар
25.10.2026, 20:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
25.10.2026, 12:05
Республика күніне орай Астана әуежайында шетелдік қонақтарға ерекше тосынсый жасалды
24.10.2026, 16:54