Малайзияның бұрынғы премьер-министрі Н.Разактан тәркіленген мүлік құны 275 млн. долларды құрады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Малайзияның бұрынғы премьер-министрі Н.Разактан тәркіленген мүлік құны 275 млн. долларды құрады

27.06.2018

Малайзия полициясының дерегінше, бұрынғы премьер-министрден тәркіленген бағалы бұйымдардың құны 275 млн. долларды құрады. «Рейтердің» хабарлауынша, олар Наджиб Разактың үйлерінде жүргізілген тінту кезінде табылған. Тәркіленген заттар арасында 12 мың дана әшекей бұйым, біреуінің бағасы жүздеген мың доллар болатын 567  «Hermès» маркалы сөмке бар. Табылған құнды бұйымдарды полиция 5 жүк көлігіне тиеп алып кеткен. 

Жақында құқық қорғау органдары жемқорлыққа барды деп  күдіккке ілінген бұрынғы үкімет басшысы мен оның жұбайын шақырып, сұрақтар қоймақ.  Разак 2009 жылы өзі құрған инвестициялық қордағы қаражатты жымқырды деп айыпталып отыр. Оған тергеу кезінде Малайзиядан шығуға тыйым салынды.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу