Ресейде бұрынғы арбитр 800 футбол добын жинаған
Ресейлік бұрынғы арбитр соңғы 30 жылда 800-ден астам футбол добын жинаған. Олардың арасында 19-шы ғасырда қой терісінен жасалған доптан бастап, соңғы Әлем кубогы мен Чемпиондар лигасында таласқа түскендері де бар.
57 жастағы зейнеткер Михаил Кошелев биыл чемпионат матчтары өтетін Сочи қаласында өзінің жинағын көрмеге қойған. «Бұл доптардың көбі бағалы, әрқайсысының өзіндік оқиғасы, тарихы бар», - дейді экс-рефери. Кошелев келешекте футбол доптарының интерактивтік мұражайын ашуды армандайды. Сондағы мақсаты - доптардың ежелден қазіргі заманға дейін қалай өзгергенін жұртшылыққа көрсету.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы