Йеменнің Амран қаласында Саудия бастаған коалицияның әуе соққысынан 9 адам қаза тапты. Құрбандардың көбі - балалар мен әйелдер. Дәрігерлердің сөзінше, 20 адам жараланған. Сонымен бірге, шабуыл кезінде бірнеше баспана қирады. Қаладағы әскери лагерь, полиция бөлімшесі, пошта кеңсесі мен телекоммуникациялық орталыққа да әуеден шабуыл жасалған. Амран қаласының билігі журналистер мен фотосуретшілерге оқиға болған жерге баруға тыйым салды. Құрбан болғандардың нақты санын анықтау да мүмкін болмай отыр. Йеменде 2014 жылдан бері азаматтық соғыс жүріп жатыр. Сауд Арабиясы бастаған бірнеше араб мемлекеті бұл қақтығысқа 2015 жылдан бастап араласып келеді.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.