Братиславада фермерлер шерулетті
Словакия астанасы Братиславада шаруалар шеруге шықты. Олар елдің орталығы мен шығысынан ел астанасына ондаған трактор кіргізген. Осы әрекет арқылы фермерлер ауылшаруашылық саласына бөлінетін субсидияларға қатысты алаяқтықтарға қарсы шықты.
Бұл заңсыз әрекеттерден фермерлер айтарлықтай зардап шегіп отыр. Бас прокуратура қазір олардың шағымына қатысты 35 істі қарап жатыр. Айта кету керек, Словакияда жұмада коррупция мен заңсыздықтарға қарсы шеру өтеді.
Оны ұйымдастырушылар ел шенеуніктерінің италиялық мафиямен байланысын тергеп келген журналист Ян Куциактың өлімін тергеудің өте баяу жүріп жатқанына да наразылық білдіреді.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ж. Сүлейменов: Деструктивті ағымдар жаңа әдістерді қолдануға көшті
30.07.2026, 20:47
Колледждерде сұранысқа сай мамандар даярлау күшейтіледі
30.07.2026, 20:09
АҚШ Иранға қайта соққы берді
30.07.2026, 20:09
«Болашақ ойындары»: Фиджитал-баскетбол жарысы өтіп жатыр
30.07.2026, 20:08
Аида Балаева халықаралық музыкалық байқаулардың жүлдегерлерін құттықтады
30.07.2026, 20:05
Енді салалық дәрігерге қаралу үшін терапевт жолдамасы қажет емес
30.07.2026, 20:05
Жыл басынан бері 4500 самокат жүргізушісіне айыппұл салынды
30.07.2026, 20:04
БҚО-да Құрылтай сайлауы кезінде мүгедектігі бар жандарға 55 инватакси қызмет етеді
30.07.2026, 20:03