Иракта дауыс беру бюллетендері сақталған қойма өрті парламенттік сайлаудың нәтижесіне әсер етуі мүмкін
Бұл қылмысқа қатысты 4 адам ұсталған. Олардың үшеуі қойма күзетшісі, біреуі орталық сайлау комиссиясының бұрынғы мүшесі. Дегенмен, әзірге олардың қандай да бір партияға қатысы бар екені дәлелденген жоқ. Тергеу жалғасып жатыр. Өрт жексенбіде болды. Кейбір мәліметтерге сай, ол саяси астармен жасалған болуы мүмкін. Дегенмен, дауыс беру урналарын от шарпымаған.
Иракта парламенттік сайлау мамырдың 12-де өтті. Онда тұңғыш рет дауыс беруді автоматты түрде санайтын электрондық урналар қолданылды. Алайда, заңбұзушылықтар анықталғандықтан, бюллетендер қолмен қайта саналады.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан түркі мемлекеттеріне ортақ Цифрлық кодекс әзірлеуді ұсынды
25.10.2026, 20:00
Қосымша білім беру орталықтарының жұмысын жүйелеу қажет
25.10.2026, 20:00
Әскери реформада не өзгереді?
25.10.2026, 20:00
Жеті жылдағы жетістіктер: Президент ел дамуының негізгі көрсеткіштерін атады
25.10.2026, 20:00
«Таза Қазақстан»: Екі жылда не өзгерді?
25.10.2026, 20:00
Білім, еңбек, ізденіс: Ел дамуына үлес қосып жүрген мамандар
25.10.2026, 20:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
25.10.2026, 12:05
Республика күніне орай Астана әуежайында шетелдік қонақтарға ерекше тосынсый жасалды
24.10.2026, 16:54