АҚШ-тың Федералдық резерв жүйесі пайыздық мөлшерлемені жыл басынан бері екінші мәрте өсірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тың Федералдық резерв жүйесі пайыздық мөлшерлемені жыл басынан бері екінші мәрте өсірді

14.06.2018

Қазір ставка 1,75-2 пайызға жоғарылаған. Бұған Құрама Штаттардың еңбек нарығының нығаюы, экономиканың тұрақты қарқынмен өсуі, тұтынушылар шығындарының артуы мен инвестицияның өсуі ықпал етіп отыр. Орталық банктің мәлімдеуінше, «азық-түлік пен энергиядан» өзге бұйымдар есебінен инфляция 2 пайызға жуықтаған. Осы көрсеткішке жету көзделген еді. Енді сарапшылар жағдай жақсара түссе, Федералдық резерв жүйесі монетарлық саясатты қатаңдата береді деп отыр. Аталған органның жетекшілері пайыздық мөлшерлемені биыл тағы 2 мәрте, 2019 жылы үш, 2020 жылы бір мәрте өсіруді жоспарлап қойған. Экономистердің сөзінше, бұл доллардың күшеюіне, ал, дамушы нарықтардан капиталдың шығуына әкелуі мүмкін. Федералдық резерв шешімінен кейін Азияның биржаларында қор индекстері төмендеп кетті.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу