Басты Жаңалықтар Испанияның солтүстігінде ондаған мың адам ұзын-сонар тізбек құрды

Испанияның солтүстігінде ондаған мың адам ұзын-сонар тізбек құрды

Испанияның солтүстігіндегі Баскілер елінде ондаған мың адам ұзын-сонар тізбек құрды. Қолдарына өздерінің дәстүрлі символы мен жалауын ұстаған тұрғындар тізбегі 202 шақырымға созылған. Шара арқылы олар Мадридті өздеріне тәуелсіздік туралы аймақтық референдум өткізу мүмкіндігін беруге үндеді.  Сан-Себастьян қаласынан басталған тізбек Витория қаласындағы парламент ғимаратына дейін жетті. Акцияға «Біздің қолымызда» атты жергілікті ұйым бастама болған.

Айта кетсек, Баскілер елінің өз тілі мен мәдениеті бар. Олардың басым бөлігі Испаниядан бөлінуді қаламаса да, көбі тұрғындардың дауыс беру құқығы болуы тиіс деп есептейді. Бұған қоса, Испания конституциясына сай, Мадридің келісімінсіз автономиялардың тәуелсіздігі мәселесін көтеруге тыйым салынған. Мәселен, Каталонияда өткен тәуелсіздік референдумынан кейін Мадрид тікелей басқару енгізіп, каталан басшыларын қамауға алды. 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу