Сирияда әуе шабуылдарынан 44 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сирияда әуе шабуылдарынан 44 адам қаза тапты

08.06.2018

Сирияның көтерілісшілер бақылауындағы Идлиб провинциясында әуе соққысынан 44 адам қаза тапты. Елдегі адам құқықтары жөніндегі обсерваторияның мәлімдеуінше, шабуылды ресейлік ұшақтар жасаған. Құрбандардың саны әлі де артуы мүмкін. Себебі, жараланған 60 адамның кейбіреуінің халі мүшкіл. Ғаламторға салынған бейнежазбаларда әуе соққысынан кейінгі жағдай мен құтқару операциясы, жараланған балалар көрсетілген. Бұл видеоны «Ақ дулыға» азаматтық қорғаныс тобы жариялады. Идлибтің солтүстік-батысы көтерілісшілер көптеп тұрып жатқан аудан. Соңғы жылдары оппозицияның ондаған мың жақтасы үкімет бақылауына өткен аудандардан осында көшіп барған.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу