Гватемалада жанартау құрбандарының саны 69-ға жетті
Гватемалада жанартау атқылағанда қаза тапқандардың саны 69-ға жетті. Мұны осы республика билігіне сілтеме жасап, «Associated Press» агенттігі хабарлады. Трагедияға байланысты елде үш күн қаралы деп жарияланған.
Іздеу-құтқару жұмыстары барысында құрбандардың саны тіпті көбеюі мүмкін. Қазір табиғи апат елдің 2 миллиондай тұрғынына кері әсер етіп отыр.
Фуэго вулканы дүйсенбі күні айналаға лава тарата бастады. Таудан төгілген қызыл шоқ жолындағының бәрін күлге айналдырған.
Бұл вулканның биіктігі 3,7 шақырым. Биылдың өзінде «Отты тау» осымен екінші мәрте атқылап отыр. Сейсмологтардың сөзінше, бүгін ол тынышталып, қалыпты жағдайға түсті.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан түркі мемлекеттеріне ортақ Цифрлық кодекс әзірлеуді ұсынды
25.10.2026, 20:00
Қосымша білім беру орталықтарының жұмысын жүйелеу қажет
25.10.2026, 20:00
Әскери реформада не өзгереді?
25.10.2026, 20:00
Жеті жылдағы жетістіктер: Президент ел дамуының негізгі көрсеткіштерін атады
25.10.2026, 20:00
«Таза Қазақстан»: Екі жылда не өзгерді?
25.10.2026, 20:00
Білім, еңбек, ізденіс: Ел дамуына үлес қосып жүрген мамандар
25.10.2026, 20:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
25.10.2026, 12:05
Республика күніне орай Астана әуежайында шетелдік қонақтарға ерекше тосынсый жасалды
24.10.2026, 16:54