Израиль аумағына 100-ге тарта зымыран жіберілді
Таяу Шығыста палестиналық қарулы топтар Израиль аумағын зымырандармен атқылады. Кейбір мәліметтерге сай, кешеден бері еврей мемлекеті территориясына 100-ге тарта ракета мен миномет бомбасы түскен. Израиль әскері зымырандардың 40-қа жуығын «Темір күмбез» ракетаға қарсы қорғаныс жүйесінің көмегімен атып түсірді.
Шабуылдарды «Хамас» және «Ислам жиһады» ұйымдары өз мойнына алған. Бұған жауап ретінде Израиль армиясы Газа секторындағы 35 нысанды, соның ішінде «Хамасқа» тиесілі тоннельдерге шабуыл жасады. Ал, палестиналық радикалдар Израильге наурыздың 30-дағы шерулер кезінде 116 палестиналықты мерт қылғаны үшін зымыран жібергенін мәлімдеп отыр.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ж. Сүлейменов: Деструктивті ағымдар жаңа әдістерді қолдануға көшті
30.07.2026, 20:47
Колледждерде сұранысқа сай мамандар даярлау күшейтіледі
30.07.2026, 20:09
АҚШ Иранға қайта соққы берді
30.07.2026, 20:09
«Болашақ ойындары»: Фиджитал-баскетбол жарысы өтіп жатыр
30.07.2026, 20:08
Аида Балаева халықаралық музыкалық байқаулардың жүлдегерлерін құттықтады
30.07.2026, 20:05
Енді салалық дәрігерге қаралу үшін терапевт жолдамасы қажет емес
30.07.2026, 20:05
Жыл басынан бері 4500 самокат жүргізушісіне айыппұл салынды
30.07.2026, 20:04
БҚО-да Құрылтай сайлауы кезінде мүгедектігі бар жандарға 55 инватакси қызмет етеді
30.07.2026, 20:03