Канадада бомба жарылысынан 15 адам жараланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Канадада бомба жарылысынан 15 адам жараланды

25.05.2018

Канаданың Миссиссога қаласында екі ер адам бомба жарып, 15 адамды жаралады. Олар жарылғыш затты мейрамханада іске қосқан. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Олардың үшеуі ауыр халде. Полицияның «Твиттерге» жазған хабарламасына сай, қаскөйлер оқиға орнынан іздерін суытып үлгерген. Әзірге ешқандай топ мойнына осы үшін жауапкершілік алған жоқ. Сонымен қатар, шабуылдың неліктен жасалғаны белгісіз.

Бомба жарылған мейрамхана маңындағы жолдар жабылды. Бұл жерде ауыр қару асынған тактикалық офицерлер жүр. Ал, бір ай бұрын Канаданың Торонто қаласында көлік жүргізушісі өз автомобилін жаяу жүргіншілерге бағыттап, 10 адамды мерт қылып, 15-ін жаралаған еді.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу