Бразилияның Сан-Паулу қаласында үй құлап, 2 адам жараланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бразилияның Сан-Паулу қаласында үй құлап, 2 адам жараланды

24.04.2023

Бразилияның Сан-Паулу қаласында газ жарылысынан көпқабатты үй қирап, 2 адам жараланды. Денесінің 70 пайызын күйік шалған тұрғындар ауруханаға жеткізілді. Олардың жағдайы өте ауыр.

Жарылыстың қатты болғаны сонша, жақын маңдағы үйлер түгел зақымданған. Оқиға орнына азаматтық қорғаныс мамандары мен өрт сөндіршілер жетіп, ғимараттың құлайын деп тұрған бөлігінен адамдардың көшуіне кеңес берді.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу