Стамбулдағы әскери база жанында жарылыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Стамбулдағы әскери база жанында жарылыс болды

13.05.2016
Стамбулдағы әскери база жанында жарылыс болды
Мұны CNN телеарнасының түркиялық редакциясы хабарлады.

Стамбулдың Санжактепе ауданындағы әскери база жанында жарылыс болып, 7 адам жараланды. Мұны CNN телеарнасының түркиялық редакциясы хабарлады. Бұл ақпаратқа сай, базаның сыртында бомба орнатылған көліктің күлі көкке ұшқан.

Қаза тапқандар туралы ақпарат жоқ. Бұдан бөлек, елдің оңтүстік-шығысындағы Диярбәкір провинциясында болған жарылыстан 4 адам қаза тауып, 17-сі жараланды.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу