Каирде көлік жарылысынан 9 адам жараланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Каирде көлік жарылысынан 9 адам жараланды

06.08.2018

Мысыр астанасы Каир орталығындағы көпір жанында болған жарылыстан 9 адам жараланды. Оқиға көліктер соқтығысқаннан кейін болған. Әзірге жарылысқа не себеп болғаны белгісіз. «Рейтерге» берген сұхбатында қауіпсіздік күштерінің екі өкілі оған машиналардың біріндегі ақауы бар батарея себеп болуы мүмкін дейді. Жарылған көлікте тұтанған өрт жақын тұрған шағын автобусты шарпыған. Денсаулық сақтау министрлігі оқиға кезінде зардап шеккендерге дәрігерлер ем көрсетіп жатқанын мәлімдеді.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу