Түркияның Диярбәкір қаласында жарылыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияның Диярбәкір қаласында жарылыс болды

11.05.2016
Түркияның Диярбәкір қаласында жарылыс болды
Жарылыстан 3 адам қаза тауып, 45-і жараланды.

Түркияның Диярбәкір қаласында болған жарылыстан 3 адам қаза тауып, 45-і жараланды. Бомба қаланың орталық алаңдарының бірінде терроризм үшін ұсталған күдіктілер отырған автобус өтіп бара жатқанда іске қосылған.

Қамауға алынғандардың арасында Күрд жұмысшы партиясының мүшелері бар екен. Жергілікті ақпарат агенттіктерінің мәліметінше, жараланғандардың 12-сі полиция қызметкері, 5-еуі күдіктілер. Түрік билігі болған оқиғаны теракт деп таныды.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу