Иранның рухани жетекшісі Әли Хаменеи Еуропа одағына ядролық келісімді сақтап қалу туралы 7 шарт қойды. Олардың арасында Иран мұнайын АҚШ санкцияларынан қорғау және осы шикізатты сатып алуды жалғастыру, еуропалық банктердің Ислам Республикасымен арадағы ынтымақтастығын жалғастыра беру тәрізді талаптар бар.
Бұл пункттер орындалмаса, Иран ядролық бағдарламасын дамытуды қайта қолға алатынын ескертті. Сонымен қатар, Хаменеи ядролық келісімді қорғауға келіскен Еуропа державаларынан Иранның зымырандық бағдарламасы мен Таяу Шығыстағы белсенділігі туралы мәселелерді келіссөздерде қозғамауды талап етіп отыр.
Айта кету керек, 2015 жылы Иран мен 5 мемлекет арасында жасалған ядролық келісім нәтижесінде Тегеран халықаралық санкциялардан босатылды.
Алайда, АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамп мамырдың басында сол пәтуадан шығатынын мәлімдеді.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.