Грекия астанасы Афинада наразы топ Израиль туын өртеп, осы елдің елшілігіне тас лақтырды. Олар «Палестинаға еркіндік беріңдер!» деп ұрандатқан. Демонстранттар дүйсенбіде израильдік әскерилердің шеруге шыққан палестиналықтарды күшпен басып, 60-қа жуық адамды атып өлтіруіне қарсы шықты. Сол қақтығыстардан 2 мыңнан астам палестиналық жараланған.
АҚШ елшілігінің көшірілуіне қарсы шерулер Түркияның Стамбул және Анкара қалаларында да өтті. Жүздеген адам Стамбулдағы «Таксим» алаңына жиналып, Құрама Штаттардың Иерусалимдегі дипломатиялық өкілдігін мойындамайтындарын мәлімдеген. Бұған дейін Түркия сыртқы істер министрлігі елдегі Израиль елшісін шақырып, оның өз еліне қайтуына сұраған. Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған Израильдің Газа секторындағы әрекеттерін «қуғын-сүргін» деп атады.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.