Вашингтонда жүзден астам еврей өкілі шерулетті. Наразылық акциясына жиналғандардың барлығы - жастар. Олар АҚШ елшілігінің Иерусалимге көшірілуіне және Израильдің Шығыс Иерусалимді оккупациялауына қарсылық білдірген.
«Еврей жастары Палестинаның бостандығын талап етеді» деп ұрандатқан демонстранттар «Трамп халықаралық қонақ үйі» жанында жиналды. Сонымен бірге, демонстранттар палестиналықтарға қарсы зорлық-зомбылықты тоқтатуға үндеген.
Шерушілердің бірінің айтуынша, осы акцияға жиналған америкалық еврейлердің ұрпақтарының көзқарасы бұрынғылардан басқаша. Олар палестиналықтар мен израильдіктердің еркіндік пен игіліктерге бірдей дәрежеде қолдары жетуі тиіс деп есептейді.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.