Грузияда мыңдаған адам парламент ғимараты жанында шерулетті. Наразылық акциясына қатысқандардың көбі - жастар. Олар Тбилисидегі екі танымал түнгі клубта қаруланған полицияның рейд жүргізіп, бірнеше адамды ұстап әкетуіне наразы болған. Ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, олар есірткі саудасымен айналысты деген күдікке алынып отыр.
Дегенмен, кейін ұсталғандар бостандыққа жіберілді. Бұл наразылық акциясын «Ақ шу» атты қозғалыс ұйымдастырған. Олар осы шеру арқылы полицияның рейд кезіндегі әрекетіне наразылық білдіріп отыр. Сонымен бірге, демонстранттар Грузия премьер-министрі мен ішкі істер министрінің қызметтен кетулерін талап еткен.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.