Сирияның үкіметтік армиясы АҚШ-тың соққысына дайындалып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сирияның үкіметтік армиясы АҚШ-тың соққысына дайындалып жатыр

12.04.2018

Сирияның үкіметтік армиясы АҚШ пен оның одақтастарының әскери соққысына дайындалып жатыр.  Түрлі БАҚ-та Ресей флотының Тартустағы әуе базасынан шығарылып жатқаны туралы хабарланды. Бұған қоса, ресейлік әскерилер Сирияда шабуылдан қорғану жүйесі орнатылғанын және контингенттің соққыға сақадай-сай дайын отырғанын ескертті. Сонымен бірге, бүгіннен бастап Шығыс Гутада Ресейдің әскери полициясы әрекет етпек. Ал, Жерорта теңізіне сәрсенбіде америкалық «Гарри Трумэн» атомдық ұшақ тасығышы аттанған. Сарапшылар Сирияда халықаралық жанжалдың туындауы мүмкіндігін айтып жатыр. Сәрсенбіде президент Дональд Трамп Асад режимінің Думада жасалған химиялық шабуылына қарсы зымырандармен жауап беретінін ескертті.

Ал, Мәскеу мен Сирия билігі химиялық қарудың қолданылмағанын қайталап отыр. «Дейли Мейл» басылымының хабарлауынша, Араб Республикасына зымырандармен шабуыл бүгін кешке жасалуы мүмкін. 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу