АҚШ Сирияға әскери соққы беруді қарастырып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ Сирияға әскери соққы беруді қарастырып жатыр

11.04.2018

АҚШ, Франция мен Ұлыбритания Сирияға қарсы әскери соққы беруге қатысты ортақ шешім қабылдай алмай отыр. Бұл туралы «Associated Press» агенттігі хабарлады. Ал, дүйсенбіде АҚШ президенті Дональд Трамп Сирияға соққы беріле ме, жоқ па - осы туралы бүгін жариялайтынын мәлімдеген-ді. Айта кетсек, Құрама Штаттар Сирия билігін Думада химиялық қару қолданды деп айыптап отыр. Сол шабуылдан түрлі мәліметтерге қарасақ, 70-тей адам қаза тапқан.   Дегенмен, Сирия үкіметі бейбіт тұрғындарға қарсы хлор газының қолданылғанын жоққа шығарды. Ресей болса, өз мамандарының химиялық қару іздерін таппағанын мәлімдеді. Жақында Дума қаласында улы газдың қолданылғаны туралы хабарланғаннан кейін АҚШ Сирия аумағына қанатты зымырандармен жабдықталған «Дональд Кук» кемесін жіберді. Ал, бүгін Таяу Шығыс өңіріне америкалық атомдық «Гарри Трумэн» ұшақ тасығышы аттанған.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу