Ресейде рубль мен қор биржалары құлдырады
Ресейдің қор биржалары 10 пайызға құлдырап, елдің ірі компанияларының акциялары мен рублі арзандап кетті. Бұған АҚШ-тың қаржы министрі жақында жариялаған санкциялары себеп. Қаржы сарапшыларының мәліметінше, нарықтағы құлдырау әлі де жалғасып жатыр. «Форбсқа» сай, бір күн ішінде ең ауқатты ресейліктердің байлығы 12 миллиард долларға азайған екен. Сарапшылар ресейлік валюта бағамы әлі де төмендеп, доллар бағамы 80 рубльге жетуі мүмкін деп болжап отыр.
Айта кетсек, өткен аптада Құрама Штаттар Ресейдің 24 кәсіпкері мен шенеунігін және 15 компаниясын санкция тізіміне енгізді. Шектеуге іліккендер қатарында «Газпром» басшысы Алексей Миллер, «Сургутнефтегаз» бас директоры Владимир Богданов сынды тұлғалар бар.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан түркі мемлекеттеріне ортақ Цифрлық кодекс әзірлеуді ұсынды
25.10.2026, 20:00
Әскери реформада не өзгереді?
25.10.2026, 20:00
Жеті жылдағы жетістіктер: Президент ел дамуының негізгі көрсеткіштерін атады
25.10.2026, 20:00
«Таза Қазақстан»: Екі жылда не өзгерді?
25.10.2026, 20:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
25.10.2026, 12:05
Республика күніне орай Астана әуежайында шетелдік қонақтарға ерекше тосынсый жасалды
24.10.2026, 16:54
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29