Францияның бірнеше қаласында студенттер шеруге шықты
Францияның бірнеше қаласында студенттер наразылық акциясын өткізіп жатыр. Олар мемлекеттік жоғары оқу орындарына қабылдау жүйесін реформалауға наразы. Өз талаптарына биліктің назарын аудару үшін жастар университеттер мен кабинеттерге кіретін жолды бөгеп тастаған. Жалпы алғанда, мұндай шерулер елдің 10 қаласына ұласқан. Білім министрлігі болса, наразылық акциялары әсіре солшыл және оңшыл топтардың идеологиясының ықпалымен өтіп отыр деп мәлімдеді. Айта кетсек, Францияда түрлі сала қызметкерлерінің жаппай ереуіл, шерулері жалғасып жатыр. Оған қатысушылар үкіметке өз талаптарын айтып, жаңа реформалармен келіспейтіндерін білдірді.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан түркі мемлекеттеріне ортақ Цифрлық кодекс әзірлеуді ұсынды
25.10.2026, 20:00
Әскери реформада не өзгереді?
25.10.2026, 20:00
Жеті жылдағы жетістіктер: Президент ел дамуының негізгі көрсеткіштерін атады
25.10.2026, 20:00
«Таза Қазақстан»: Екі жылда не өзгерді?
25.10.2026, 20:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
25.10.2026, 12:05
Республика күніне орай Астана әуежайында шетелдік қонақтарға ерекше тосынсый жасалды
24.10.2026, 16:54
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29