Қытайда көздің жауын алатын әдемі құбылыс жұртшылықты таңқалдырды
Қытайда алуан түрлі өсімдіктер гүл ашты. Көздің жауын алатын әдемі құбылысты жергілікті тұрғындар мен туристер қызықтап жатыр. «Айналадан көктемнің иісі сезіліп, табиғаттың түрленіп жатқаны қуантады», - дейді олар. Әсіресе, Мингша тауы баурайында гүлдеп жатқан өрік ағаштарын тамашалауға арнайы барып жатқандардың қарасы көп. Тіптен, студенттер осы гүлдердің арасына барып, айналадағы сұлулықтың айнымастай суретін салып жатыр. Ал, Личен қаласында 27 мың гектар аумаққа созылған форзиция гүлдері Тайхан тауын алтын көрпемен жапқандай әсер қалдырады. Көктемнің шуақты күні адамдар отбасылары, жақын-туыстарымен бірге ерекше құбылысты тамашалап, фотосурет пен бейнекамераға түсіріп жатыр.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шолпан-Ата қаласына сапармен барады
31.07.2026, 10:17
Ресейде қазақ тілі міндетті пән ретінде оқытыла бастады
31.07.2026, 10:07
Трамп: Палестиналық топтар қаруын тастауға келісті
31.07.2026, 10:06
Қазақстан алтын сатып алу бойынша көшбасшы елдердің қатарына енді
31.07.2026, 10:05
Испанияға жүздеген мигрант басып кірді
31.07.2026, 10:05
Жыл басынан бері 4500 самокат жүргізушісіне айыппұл салынды
31.07.2026, 10:05
Су үнемдеу технологиясына қолдау күшейеді
31.07.2026, 10:04
Әлеуметтік желіде балағат сөз айтқан Алматы облысының тұрғыны жауапқа тартылды
31.07.2026, 10:03