Мысырда президенттік сайлауда дауыс беру аяқталды
Экзит-поллға сай, Мысырдағы президенттік сайлауда қазіргі мемлекет басшысы Әбдел Фаттах әс-Сиси басым түсті. Дауыс беру учаскелерінің көбінде президент сайлаушылардың 90 пайыз дауысын жинаған. 5 мыңнан астам сайлау учаскесінен түскен мәліметтерге сай, әс-Сисиге 9 млн. 200 мың адам, ал, оның сайлаудағы оппоненті Мұстафа Мұсаға 250 мың адам дауыс берген екен. Дегенмен, биылғы президенттік сайлаудың келеңсіз тұсы дауыс беруге барған адам санында болуы мүмкін. Көптеген тұрғындар өз таңдауларын жасамауды жөн көрген. Ал, сайлау комиссиясы болса, нақты себептерсіз дауыс бермегендер 30 доллар айыппұл төлейтінін бірнеше мәрте ескертті. Сайлаудың ресми қорытындысы сәуірдің 2-де мәлім болады.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан түркі мемлекеттеріне ортақ Цифрлық кодекс әзірлеуді ұсынды
25.10.2026, 20:00
Әскери реформада не өзгереді?
25.10.2026, 20:00
Жеті жылдағы жетістіктер: Президент ел дамуының негізгі көрсеткіштерін атады
25.10.2026, 20:00
«Таза Қазақстан»: Екі жылда не өзгерді?
25.10.2026, 20:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
25.10.2026, 12:05
Республика күніне орай Астана әуежайында шетелдік қонақтарға ерекше тосынсый жасалды
24.10.2026, 16:54
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29