Әлемде Ресей дипломаттарын қайтарып жатқан елдердің саны бүгін 20-дан асты. Жалпы алғанда, көрші мемлекеттің 135-тен астам елшісін отанына аттандыру туралы шешім қабылданған. Солардың 60-сы Мәскеуге Құрама Штаттардан оралады. Сонымен қатар, Ресей дипломаттарын өз аумағынан шығарып жатқандардың қатарында Чехия, Литва, Швеция, Испания, Финляндия, Нидерланды, Италия, Украина, Австралия, Канада, Франция бар.
Мұндай шешім наурыздың 4-де Ұлыбританияның Солсбери қаласында Ресейдің бұрынғы тыңшысы Сергей Скрипаль мен оның қызының улануына байланысты қабылданып отыр.
Бұған қоса, Еуропалық Кеңес жақында Мәскеуге қарсы жаңа санкциялар жариялайтынын хабарлады. Кремль болса, Скрипальдардың улануына қатысы жоқ екенін мәлімдеп, Батысқа жауап қайтаратынын ескертіп отыр.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ