Израиль полициясы Нетаньяхудан коррупциялық іске байланысты жауап алды
Израиль полициясы премьер-министр Бенджамин Нетаньяхудан коррупциялық іске байланысты жауап алды.
Үкімет басшысы елдің ең ірі телекоммуникациялық компаниясы «Безек Телекоммен» заңсыз мәміле жасады деген күдік бар. Дәлірек айтсақ, Нетаньяху осы компанияның мүддесін заң шеңберінде қолдауға келіскен. «Безек Телеком» болса сол үшін өз бақылауындағы танымал интернет-ресурста премьер-министрдің жұмысын мақтайтын мақалалар жариялауға келіскен.
Бұл іске байланысты Нетаньяхудың жұбайы мен ұлы да полиция алдында жауап бермек. Сонымен қатар, Израиль премьері тағы 2 коррупциялық іс бойынша күдікке алынып отыр.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан түркі мемлекеттеріне ортақ Цифрлық кодекс әзірлеуді ұсынды
25.10.2026, 20:00
Әскери реформада не өзгереді?
25.10.2026, 20:00
Жеті жылдағы жетістіктер: Президент ел дамуының негізгі көрсеткіштерін атады
25.10.2026, 20:00
«Таза Қазақстан»: Екі жылда не өзгерді?
25.10.2026, 20:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
25.10.2026, 12:05
Республика күніне орай Астана әуежайында шетелдік қонақтарға ерекше тосынсый жасалды
24.10.2026, 16:54
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29