АҚШ-тың бірнеше қаласында ондаған мың оқушы ереуілге шықты
«Біздерді қорғаңыздар!», «Ойлар мен дұғалар оқты тоқтата алмайды» деп ұрандатқан балалар еркін қару саудасына наразылық білдірген. Нью-Йорктен Лос-Анджелеске, Чикагодан Хьюстонға дейін жалғасқан манифестацияға «Ұлттық мектеп ереуілі» деген атау берілді. Осы шара арқылы оқушылар конгрессмендердің назарын қару саудасын бақылауға аударғысы келген. Бастапқыда демонстранттар шеруді 17 минут бойы өткізуді жоспарлады. Айта кетсек, Парклендегі мектепте ақпанның 14-де болған атыстан осыншама адам қайтыс болғаны белгілі.
Дегенмен, акция біткеннен кейін оқушылардың көбі сабаққа бармады. Наурыздың 24-де Вашингтон мен елдің өзге де қалаларында қару мәселесіне қатысты тағы бір ауқымды ереуіл өтпек.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шолпан-Ата қаласына сапармен барады
31.07.2026, 10:17
Ресейде қазақ тілі міндетті пән ретінде оқытыла бастады
31.07.2026, 10:07
Трамп: Палестиналық топтар қаруын тастауға келісті
31.07.2026, 10:06
Қазақстан алтын сатып алу бойынша көшбасшы елдердің қатарына енді
31.07.2026, 10:05
Испанияға жүздеген мигрант басып кірді
31.07.2026, 10:05
Жыл басынан бері 4500 самокат жүргізушісіне айыппұл салынды
31.07.2026, 10:05
Су үнемдеу технологиясына қолдау күшейеді
31.07.2026, 10:04
Әлеуметтік желіде балағат сөз айтқан Алматы облысының тұрғыны жауапқа тартылды
31.07.2026, 10:03