Шығыс Гутада жағдай қиындай түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Гутада жағдай қиындай түсті

05.03.2018

Шығыс Гута тұрғындарының жағдайы нашарлай түсті. Олар гуманитарлық дәліздер арқылы ауданнан қашып шығуға мәжбүр. Сенбіден бері Дамаск сыртындағы бұл анклавқа Сирия әскері шабуылын күшейте түсті. Армия Шығыс Гутаға бірнеше жерден шабуылдап, оның 25-40 пайызын басып алған. Кейбір мәліметтерге сай, үкіметтік күштер ауданды екіге бөлуді жоспарлап отыр. Ақпанның 18-нен бері атыс-жарылыстардан мұнда 600 адам, соның ішінде балалар қаза тапты. Анклавқа БҰҰ-ның жіберген гуманитарлық көмегі де жеткен жоқ. Ұйымның Қауіпсіздік Кеңесінің оқ атуды тоқтату туралы қарары да сақталмай жатыр. АҚШ, Ұлыбритания лидерлерінің мәлімдеуінше, Сирия билігі мен оны қолдаушы Ресей Шығыс Гута тұрғындарының көріп жатқан азабы үшін жауапты. Олар Мәскеуді Асад әскерінің анклавқа оқ жаудыруын тоқтату үшін шұғыл шара қабылдауға үндеді. Ал, Сирия президенті жексенбіде берген сұхбатында армия Гутадағы қарулы заңсыз құрылымдарға қарсы әскери операциясын жалғастыра беретінін мәлімдеді.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу