Ирландияда боран салдарына Дублин әуежайы жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ирландияда боран салдарына Дублин әуежайы жабылды

02.03.2018

Ұлыбритания мен Ирландияға бейсенбіде соққы берген «Эмма» дауылының зардабы аз болмай тұр. Ирландияда 24 мың баспана электр жарығынсыз қалған. Мектептер жабылып, тұрғындарға далаға шықпау туралы кеңес берілді. Сонымен бірге, «Дублин» әуежайы да жабық тұр. Жолдар жабылып, пойыздар да тоқтады. Сондықтан, мұнда табиғи қауіптің «қызыл» деңгейі жарияланған.

Ал, Ұлыбританияда соңғы 30 жылда болмаған боранмен күреске әскерилер тартылды. «Шығыстан жеткен құбыжық» аталып кеткен ызғарлы циклон темір жол қатынасына кедергі келтірді. Сонымен қатар, тас жолдардың кейбір бөліктері жабылған. Ал, Шотландияда көліктерімен қарға батқан жүздеген  адам құтқарылды.

Ақпанның соңынан бері Еуропаның Украина, Польша, Италия тәрізді елдерінде де тұрғындар қар көшкіні мен суықтан зардап шекті.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу