Бакуде өрттен 26 адам қаза тапты
Әзірбайжан астанасы Бакудегі наркологиялық орталықта болған өрттен 26 адам қаза тапты. Мұны елдің бас прокуратурасы мен полициясы мәлімдеді. Түтінге уланған төрт адамның жағдайы жақсарған.
Аурухана науқастары мен персоналын қоса алғанда, 200-ден астам кісі дер кезінде қауіпсіз жерге көшірілген. Әзірбайжанның бас прокуратурасы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады.
Тергеуді ел президенті Ильхам Әлиев өз бақылауына алған. Наркологиялық орталықтағы өрт жергілікті уақытпен бүгін таңғы сағат 6-дан кеткенде басталып, 9-дан аса сөндірілген. Алдын ала мәліметтерге сай, оттың тұтануына электр тоғындағы ақау себеп болуы мүмкін.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңа оқу жылы: 450 мың балаға қолдау көрсетіледі
31.07.2026, 13:07
Арнайы әлеуметтік орталықта жасөспірім көз жұмды
31.07.2026, 13:05
Құрылтай құқық үстемдігін қамтамасыз етеді
31.07.2026, 13:05
12 мың гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды
31.07.2026, 13:04
Ортақ мүдде жолындағы тарихи басқосу
31.07.2026, 13:04
Чилидің кейбір аудандары тасқын мен қалың қардан зардап шекті
31.07.2026, 13:03
ІІМ дипфейк пен жалған брокерлерден сақ болуға шақырады
31.07.2026, 13:03
Президент Орталық Азия және Әзербайжан басшыларының бейресми кездесуіне қатысады
31.07.2026, 13:02