Румынияда прокурорды қызметтен босатуға қарсы шеру өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Румынияда прокурорды қызметтен босатуға қарсы шеру өтті

26.02.2018

Румыния астанасы Бухарест пен елдің өзге де ірі қалаларында мыңдаған адам қатысқан шеру өтті. Наразылық акциясына қатысушылар елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы басқармасының бас прокуроры Лаура Ковешиді жұмыстан кетіруге қарсы. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, румын астанасының «Виктория» алаңында 4,5 мыңдай адам жиналған. Олар «Ковешиге тиіспе», «Ұрылардың елінде өмір сүре алмаймыз», деп ұрандатты. Ковешиді қолдаған шерулер Вена, Милан және Дублин қалаларында да өткен.

Айта кету керек, 2013 жылдан бері Лаура Ковеши бірқатар министр, депутаттардың коррупцияға қатысы барын әшкереледі. Оны қызметтен босату туралы хатты елдің әділет министрі президентке жолдаған. Дегенмен, мемлекет басшысы Клаус Йоханнис антикоррупциялық басқарманың жұмысына көңілі толатынын және Ковешиді қызметтен кетіруге ешқандай негіз жоқ екенін мәлімдеді.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу