Сочиде Сирия жөнінде бейбіт конференция өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сочиде Сирия жөнінде бейбіт конференция өтеді

30.01.2018

Бүгін Сочиде Сирия ұлттық диалогы конгресі өтеді. Бейбіт конференцияға 1600-дей делегат шақырылған. Бірақ, оған Сирияның басты оппозициясы бойкот жариялап отыр. Сонымен қатар, Түркияның Афринде жүргізіп жатқан әскери операциясына Ресей жауапты деп, сириялық күрдтердің өкілдері де бұл жиынға қатысудан бас тартты.

Конгресте Сирияның жаңа конституциясын жазу, жергілікті халықтың болашағын сыртқы күштердің қысымынсыз сайлау өткізу арқылы айқындау мәселелері талқыланады.

Сириядағы азаматтық соғысты тоқтату жолында Женевада 9 рет келіссөздер өтті. Алайда, олардан прогресс шамалы. Бұл әскери жанжал 2011 жылы басталып, одан жүздеген мың адам қаза тауып, 11 миллионы үйлерін тастап кетті. Соңғы мәліметке қарағанда, өткен тәулікте оппозиция бақылауындағы Идлиб провинциясы авиациялық соққыға ұшырап, 33 тұрғын мерт болған. Ал, Түркия Сирияның 25 пайыз территориясын бақылап отырған күрд отрядтарын өз шекарасынан алшақтату операциясын күшейтіп отыр.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу