Ресейдің ірі қалаларында «Сайлаушылар ереуілі» өтіп, оған сан мың адам қатысты. Мұндай акциялар Мәскеуде ғана емес, ондаған қалада ұйымдастырылған. Олардың қатарында Санкт-Петербург, Калининград, Владивосток, Омбы бар. Митинг кезінде оппозция лидері Алексей Навальныйдың жақтастары алдағы сайлауға бойкот жариялауға шақырды. Ереуілшілердің көбі – жастар. Кейбір мәліметтерге қарағанда, бүкіл ел аумағында 260-қа жуық адам тұтқындалған. Солардың ішінде Навальныйдың өзі де бар. Ол Мәскеуде өз жақтастарына бара жатып қолға түсті. Әйгілі блогер соттылығы үшін сайлауға кандидат ретінде қатыса алмайды. Митингке жиналғандар әділет органдарының бұл шешіміне де наразылық білдірді.
Әлеуметтік зерттеулерге жүгінсек, наурыздың 18-де халықтың көбі Кремльдің қазіргі басшысы Владимир Путинге дауыс береді. Соған қарамастан, кейбір демонстранттар сайлаудың заңға сәйкес өтетіндігіне сенбейді.
Руслан, Мәскеу тұрғыны:
- Біз бұл ереуілге сайлаудың заңсыз өтетіндігіне күмән келтіргендіктен шықтық. Өйткені, олар Алексей Навальныйды Ресей Федерациясының президенттігіне кандидат ретінде тіркеуден бас тартты. Соған қатысты позициямызды білдіру үшін осында келдік.
Арыстан РЫСБЕК