АҚШ президенті Дональд Трамп доллардың қымбат болғанын қалайды. Мұны ол Давоста Американың «CNBC» телекомпаниясының журналисіне берген сұхбатында мәлімдеді. Осылайша, Ақ үй басшысы өзінің қаржы министрінің «Құрама Штаттарға әлсіз доллар тиімді» деген сөзін жоққа шығарып отыр. Ал, кеше әлемде қатты құнсызданған Америка валютасы Трамтың осы жауабынан кейін қайта күш ала бастады.
Дональд Трамп, АҚШ президенті:
- Меніңше, министрдің сөзі бұрмаланып жеткізілді. Ол мәлімдемені өзім де оқыдым. Біріншіден, бұл жөнінде айтқым келмейді. Оған қатысты ешкім ашық сөйлемегені дұрыс. Валютаның құны елдің қуатына негізделеді. Мемлекетіміздің экономикасы ғана емес, өзге салалары да даму үстінд. Сондықтан, доллар да күшейген үстіне күшейіп келеді. Тоқ етері, өз басым валютамыздың мықты болғанын қалаймын.
Арыстан РЫСБЕК