Жапонияда жүргізушісіз жүк көліктері сынақтан сәтті өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапонияда жүргізушісіз жүк көліктері сынақтан сәтті өтті

24.01.2018

Жапонияда жүргізушісіз жүк машиналары жолға шығып, сынақтан сәтті өтті. Олардың маркалары әртүрлі. Бірі – «Митсубиши», екіншісі – «Хино», үшіншісі – «ЮДИ», төртіншісі – «Исузу». Трассада олар бір-бірінен 30 метрдей алшақ жүрген. Көліктердің қозғалысы қашықтықтағы орталықтан бақыланды. Дегенмен, машиналардың кабинасында адамдар қауіпсіздік мақсатында отырған.

Жапония өз бетімен жүретін транспортты 2022 жылға дейін қолданысқа енгізуден үмітті. Өйткені, халқы қартайып бара жатқандықтан, бұл мемлекетте жүргізуші табу жыл өткен сайын қиындап отыр. 

Масато Сахаши, Жапонияның  Жер, инфрақұрылым және көлік министрі:

- Жүргізушіні қажет етпейтін машиналар жүк тасымалдау саласында жүргізуші тапшылығы проблемасын шешу үшін қажет. Егер мұндай көліктер көбейсе, осы кәсіпте өнімділік арта түсер еді.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу