Кабулде «Интерконтиненталь» қонақ үйіне жасалған шабуылдан Қазақстан азаматы қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кабулде «Интерконтиненталь» қонақ үйіне жасалған шабуылдан Қазақстан азаматы қаза тапты

22.01.2018

Бұл туралы еліміздің Сыртқы Істер министрлігінің баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов «Фэйсбук» парақшасында мәлімдеді. Құрбан болған Қазақстан тумасы 1978 жылғы болғаны анықталды. Жайнақов қайғыға ортақ екенін жеткізіп, жақындарына көңіл айтамыз деп жазды. Қазір қаза тапқан азаматымыздың мәйітін елге жеткізу амалдары қарастырылып жатыр. «ВВС»-дің хабарлауынша, шабуыл сенбі күні жергілікті уақытпен кешкі сағат 9-да жасалған. Үш қарулы адам қонақ үй қонақтарына оқ жаудырып, гранаталар жарған. Құрбан болғандардың саны 14-ке жетті. Олардың көбі шетел азаматтары. Соңғы деректер бойынша олардың қатарында Украина, Германия, Грециядан келген туристер бар. Полиция ғимараттан 150-ге жуық адамды құтқарып үлгерген. Әзірге шабуыл жасаған қарулы топ анықталған жоқ.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу