KazHackStan 2026: Астанада киберқауіпсіздік мәселелері талқылануда
Астанада 10 мыңға жуық хакер бас қосты. Елордада KazHackStan 2026 халықаралық киберқауіпсіздік конференциясы басталды. Екі күнге жоспарланған шарада интернет-алаяқтық, дербес деректерді қорғау, дипфейктер және аса маңызды инфрақұрылымдардың қауіпсіздігі сынды мәселелер талқыланады. Сондай-ақ киберқауіпсіздік бойынша жарыстар, сараптамалық сессияларға қатысады. Конференция барысында киберқауіпсіздік саласының жүзден астам қазақстандық және шетелдік сарапшысы тәжірибесімен бөліседі.
Айта кету керек, шара Жасанды интеллект жылына орай ұйымдастырылып отыр. Бұл хакерлерге арналған әлемдегі ең ауқымды әрі беделді конференцияларының бірі.
Олжас Сатиев, Tsarka ұйымының жетекшісі, «KazHackStan» конференциясының ұйымдастырушысы:
Бұл әлемдегі хакерлерге арналған үздік 10 конференцияның қатарына кіреді. Біз үшін студенттер мен мамандарға практикалық дағдыларды үйрету өте маңызды. Өйткені қазір елімізде цифрландыру қарқынды дамып келеді. Цифрландыру дамыған сайын киберқауіпсіздік те қатар дамуы керек. Оны ескермей, цифрландыруды дамытуға болмайды.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Тау туризмі: «Oi-Qaragai» курорты кеңейіп жатыр
29.09.2026, 20:58
Almaty SuperSki жобасы табиғатқа зиян келтірмейді
29.09.2026, 20:56
Непалда тасқын кезінде жоғалып кеткендер әлі табылған жоқ
29.09.2026, 20:54
1 қазаннан бастап онлайн несие рәсімдеу тәртібі өзгереді
29.09.2026, 20:06
БҚО-да шаруалар мемлекет қолдауымен кәсібін дөңгелетіп отыр
29.09.2026, 20:05
Елде Ұлттық гидрогеологиялық қызмет орталығы құрылды
29.09.2026, 20:04
Егін науқаны аяқталуға жақын
29.09.2026, 20:03
Қазақстандықтар Президенттің әскерді реформалау туралы шешімін қолдайды
29.09.2026, 20:02