Түркияда бір аптада 161 мигрант құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда бір аптада 161 мигрант құтқарылды

16.01.2018

Түркияның теңіз сақшылары бір аптада 161 мигрантты құтқарды. Миграциялық дағдарыс өршіген 2015 жылы бұл жолмен Еуропа одағына жол тартқан жүздеген босқын суға батып кетті.

Бірақ, 2016 жылы Анкара мен Брюссель жасаған келісімге сәйкес, Түркия Грекияға заңсыз мигранттарды жібермегені үшін одақтан қаржылай көмек алуы тиіс. Сол мәміле нәтижесінде Түркиядан Грекияға баратын босқындар саны 2 жыл бұрынғы миллион адамнан 148 мыңға дейін азайды.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу