Жерорта теңізінде 306 мигрант мінген кеменің әзірге қайда тоқтайтыны белгісіз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жерорта теңізінде 306 мигрант мінген кеменің әзірге қайда тоқтайтыны белгісіз

10.11.2021

Жерорта теңізінде 306 мигрант мінген «Мұхит викингі» кемесі тулаған толқындарға тап болды. Бұған дейін бұл аймақта қатты жел соғып, жауын құйған. Соған қарамастан, кемені әзірге ешқандай порт қабылдамай отыр.

Су көлігінің бортындағы босқындар өткен аптада апатты жағдайдағы қайықтардан құтқарылды. Ол операциялар Ливия жағалауындағы халықаралық суларда жүргізілген.

Мигранттардың ішінде күйік шалған бірнеше ересек адам мен медициналық көмекті үнемі қажет ететін балалар да бар.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу