Трамп Африканы тілдеді
АҚШ президенті Дональд Трамптың кедей елдерді тілдегені расталды. Ол Гаитиге, Сальвадорға, Африка мемлекеттеріне қатысты дөрекі сөйлеген. Дәлірек айтсақ, Ақ үй басшысы «Бізге осынау сасық үңгірден жеткен неменеге керек?!» деген екен. Мұндай мәлімдемені Трамп иммиграция мәселесін талқылаған мәжілісте жасады. Оған Конгрестегі екі партия өкілдері де қатысқан.
Америка лидерінің сөзі әрине аталған континеттерге ұнауы мүмкін емес. Мәселен, Нигерияның кейбір тұрғындарының пікірінше, африкалықтар Трамптың сөзінен сабақ алып, Құрама Штаттарға жұмыс іздеп бармауы керек.
Майова Окуваде, Лагос қаласының тұрғыны:
- Ол Африканы сасыған үңгірге теңеп отыр. Бұл шындығында жағымсыз сөз. Меніңше, біздің құрлық осыдан сабақ алып, өз жерлерінде қалып, еңбек етуі керек. Сонда ғана жағдайымыз түзеледі. Америка бізден көп пайда көріп отыр. Өйткені, қанша иммигрант Құрама Штаттар үшін жұмыс істеп жатыр.
Арыстан РЫСБЕК
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы