Түркия Ресей мен Иранды Сирия президенті Башар Асадқа қысым жасауға шақырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркия Ресей мен Иранды Сирия президенті Башар Асадқа қысым жасауға шақырды

11.01.2018

Өйткені, Асад армиясы көтерілісшілер қарамағындағы Идлиб провинциясын қайтару операциясына кірісіп, соңғы күндері 16 ауылды басып алған. Ал, Кремль Анкарадан Идлибтегі қарулы топтарға бақылауды күшейтуді сұрап отыр. Өйткені, осы кейінгі апталарда Ресейдің Сириядағы екі базасына шабуыл жиілетіп жіберсе керек. 

Бұл оқиғалардан кейін Асад армиясы жеңісінің тұрақтылығына және Мәскеудің Сириядағы базаларын қорғай алатынына күмән туындай бастады.

Айта кету керек, Астанада өткен келіссөздер нәтижесінде Сирия үкіметі мен оппозициясы бірқатар аудандарда атысты тоқтатуға келіскені белгілі.

Бірақ, Түркия Сыртқы істер министрінің мәлімдеуінше, Анкара, Мәскеу, Тегеран кепілдік берген сол ымыра Араб Республикасы армиясы тарапынан бұзылып отыр.

Мевлют Чавушоғлы, Түркия Сыртқы істер министрі:

- Соңғы күндері режим әскері Идлиб пен Шығыс Гутаға шабуыл жасады. Сол үшін кеше біз Иран мен Ресейдің елшілерін шақырып алып, оларға ескертуімізді айттық. Өйткені, бұл екі мемлекет келісім бойынша режимге ымыраны бұздырмауға кепілдік берген-ді. Сочи келіссөздері қарсаңында аталған екі ауданға шабуылдар доғарылуы керек.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу