Венесуэланың Сьюдад-Гуаяна қаласында дүкен тонау мен наразылық акциялары жалғасып жатыр
Халықты ашындырған – азық-түлік тапшылығы мен безгек ауруының тарауы. Өткен түні адамдар кемінде бес супермаркеттің тауарын талапайлап әкеткен. Соған байланысты, 20 күдікті тұтқындалды.
Жергілікті халық дәрі-дәрмек пен тағам, көгілдір отын мен жүк машиналарының қосалқы бөлшектерін талап етіп, бірнеше трассаны жапты. Әлемде мұнай бағасы түскелі, Венесуэла өз тарихындағы ең ауыр дағдарысты бастан кешіп жатыр. 2017 жылы мұнда инфляция деңгейі 500 пайыздан асты.
Оппозиция социалистік үкіметті сауатсыз саясат үшін айыптап отыр. Ал, президент Николас Мадуроның сөзінше, елдегі жағдайды биліктің қарсыластары «экономикалық соғыс» жүргізе отырып қиындатты.
Қарапайым жұрт болса, күнкөріс үшін ғана емес, қауіпсіздік жүйесіне де алаңдаулы.
Луис Кабелло, жергілікті тұрғын:
- Ұрлау-тонау жалғасып жатыр. Ол үшін ешкім жауап бермейді. Мұнда үкімет те жоқ тәрізді. Сайлауда жеңген мэр мен губернатор қайда? Экономикамен бірге қауіпсіздік жүйесі де күйреді. Қазір көше түгіл, үйімізде алаңсыз отыра алмайтын күйге жеттік.
Арыстан РЫСБЕК
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы