Ирандық танкер жарылуға жақын
Қытайдың шығыс жағалауында ирандық мұнай танкері мен қытайлық жүк кемесі соқтығысты. Соңғы мәліметке қарағанда, 32 адам жоғалып кеткен. Олар қаза тапты деген мәлімет бар. Әлем ақпарат құралдарының хабарлауынша, өртенген танкер жарылуға және батып кетуге жақын. Ізім-қайым кеткен адамдар сенбіден бері іздестіріліп жатыр. Олардың 30-ы - ирандық, екеуі – Бангладеш азаматтары. Құтқару операциясына апат болған аудандағы судың улы газдан ластануы мен лаулаған өрт кедергі жасап отыр. Панамада тіркелген танкер Ираннан Оңтүстік Кореяға кетіп бара жатып, Гонконгта тіркелген кемемен қақтығысты. Соңғысының бортында болған 21 қытайлық құтқарылды.
Арыстан РЫСБЕК
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17
Израиль саяси тығырыққа тірелді: Жаңа үкіметті кімдер құратыны әлі белгісіз
30.10.2026, 20:15