Харбинде қар мүсіндер көрмесі ашылды
Қытайдың Хэйлунцзян провинциясында осымен 30-шы рет қар мүсіндер көрмесі ашылды. Оны тамашалау үшін Харбин қаласына елдің түкпір-түкпірінен талай тұрғын мен турист жиналып жатыр.
Мұнда басты экспозиция – екі қолын көтеріп тұрған мәнерлеп сырғанаушы әйел. Осы мүсін арқылы ұйымдастырушылар адамдардың Қысқы және Паралимпиадалық ойындарды тағатсыздана күту сәтін бейнелемек болған. Оның ұзындығы - 300, биіктігі - 35 метр. Сонымен қатар, мұнда өзге де өнер туындыларын көруге болады.
Ескерткіштерді тұрғызуға 60 мың текше метр қар мен 500-дей суретші маман тартылды. Олар ақ қалашықты салу үшін 20 градус суықта он күн бойы жұмыс істеген.
Арыстан РЫСБЕК
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17
Израиль саяси тығырыққа тірелді: Жаңа үкіметті кімдер құратыны әлі белгісіз
30.10.2026, 20:15